Eesti English
Қазақ тілі
Русский
Саяси құрылыс »

Саяси құрылыс

02.02.2016

Түрі: Парламенттік Республика

Конституция Эстония мемлекеті болып 1992 жылы 28 маусым айында қабылданды.

Мемлекет басшысы: Президент, Рийгикогу немесе сайланушы алқасымен таңдалады оған жергілікті өзіндік басқарма органдарының парламенттік өкілдері кіреді. Президент 5 жылға сайланады. Кезекті президент сайлауы 2016 жылы өтті. Президент заң қабылдау алдында өз ветосын және мерзімін ұзарта алады, үкімет кабинетіне мүшелерін қабылдауда оның қолы қажет етіледі, парламентке бір қатар бас қызмекерлерін тағайындауға құқысы бар. Президент мемлекет күштерінің басшысы болып табылады. Бүгінгі кезде президенттік орын Керсти Кальюлайд  2016 жылдан бастап басшылық етеді.

Заң билігі  Riigikogu (Мемлекеттік жиналысына) жатады – бірпалаталы парламентіне, оған 101 депутат кіреді, 4 жылға сайланады. Сайлау 2015 жылы өтті.

Атқарушы билік Үкіметпен биленеді оның басшысы Премьер-министр Юри Ратас 2016 жылғы  қазан айының 23-нен бастап тағайындалды, Центристтік партия, (www.peaminister.ee) Үкімет басшыны Рийгикогу тағайындайды және таратады. Үкіметте тұрақты гарантиясы бар-президент қалауымен бірге парламентті таратады және керекті жағдайда, яғни егер Парламент үкіметке сенбеушілік вотум пайда болған кезде, жаңа сайлауды өткізеді. Мұндай жағдай бірнеше рет парламент мүшелерінің шешімдерін қайта қарастыруға үйретті.

Жалпы сайлау құқығы Эстонияның 18 жасқа толған азаматтарына тиісілі. Азамттығына қарамай, бүкіл Эстония тұрғындары жергілікті өзіндік басқармаларында сайлауға қатыса алады. Жергілікті өзіндік басқармалар 4 жылға сайланады. 2009 жылы қазан айында кезекті сайлау өтті.

Жоғары сот органы: Мемлекеттік сот (www.nc.ee)

Сот өнеркәсіп жүйесі бастапқы үш қадамнан құралады: уездік және қала соттары, аппеляция сот ретінде аймақтық сот, жоғары сот ретінде Мемлекеттік сот, ол сонымен бірге конституциялық сот қызметін атқарады.

Эстонияның құқылық жүйесі неміс моделіне ұқсас болып негізделеді, әсіресе азаматтық құқық саласында. Бұл тарихи байлыныспен белгілі. Сот жүйесі тәуелсіз, сот төреші өмір бойы сол лауазымда қызмет етеді, және ешбір басқа қызметке тағайындалмайды.

Эстондық құқылық жүйесі халықаралық құқықтық субъекті болып табылады, Эстонияның жалпы танылған қағидалар осы құқықтық жүйенің бөлігі деп саналады. Эстония Конституцияға сәйкес дербес мемлекет деп белгілі, бірақта ішкі мемлекеттік құқықтық актілер халықаралық келісімдерге тиісілі, өйткені Эстония оған қосылды.

 

 

Басқа институттар

Негізгі заң (Конституция) Эстония банкінің ісі үкіметтен дербес институты болып қарастырылады, сонымен қатар эмиссион банкінің ісін, әділет канцлердің қызметін, мемлекеттік тексеруші және омбудсмен міндеттерін орындайды.Аталған лауазымды тұлғалар дербес және  олар Рийгикогумен осы қызметтен босатылмайды.

Негізгі заң өзіндік басқарманың екі түрін белгілейді кең автономды өкілеттікпен- олар жергілікті өзіндік басқармалар және азшылық ұлттардың мәдени өзіндік басқармалар.

Әкімшілік бөлуі: 15 уезд (maakond), 33 қалалық және 194 волостық өзіндік басқармалар.

Кезекті жергілікті сайлау 2013 жылы қазан айында өтті.

Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік елтаңбасы Эстония аса терең тарихи тармақтан білінеді және оның көзі Англия мен Дания елтаңбаларынан танылды. Алғашқы кездерде елтаңбасы 1219 жылы алтын тақтада үш көк леопардтан Таллинн елтаңбасы деп танылды, кейін Эстляндия губернияның таңбасы болды. Тек 1925 жылдан бастап үш арыстанмен бейнелеген елтаңбасы Эстония Республикасының мемлекеттік елтаңбасы болып белгіленді.

Мемлекеттік туы ұлттық ояну кезеңіне кетеді. 1881 студенттер Одағы көк-қара-ақ триколорды студенттер бауырластықтың рәмізі болды. 1920 жылы мемлекеттік туы деп белгіленді..

Туының түстер мағынасы:
Көк- аспан, отанға уәде беру
Қара- туған жер, еңбекқорлық
Ақ- қарапайымдылық, адалдық, болашақ

Мемлекеттік әнұраны

Эстония солтүстіктегі көршілес Финляндиямен бірге, бірдей тарихына ие. Осы екі елдің әнұрандардың ән сазы бір.  Ән сазын жазушы композитор неміс тұқымынан шыққан  Ф. Пациус жазды. Әнұранның сөздерін аса белгілі 19 ғасырда Эстония халықтың оянуына үлес қосқан тұлға- Й. В. Яннсен. Совет Одағы басқыншылық кезінде Эстонияның туы, елтаңбасы мен әнұранға тыйым салынды. Ал батылы барлар қолданған үшін ұзақ мерзімге абақтыға отырғызылды.

Эстонияның ұлттық гүлі - көктікен

Эстонияның ұлттық құсы - қарлығаш

Эстонияның ұлттық балығы - салака

Эстонияның  ұлттық тасы – ізбес тасы

 Мемлекет туралы қосымша ақпарат:

Эстония туралы: www.estonia.eu
Эстонияға қош келдіңіз: www.visitestonia.com 
Tаллинн: www.tallinn.ee 
Ауыл туризмі: www.maaturism.ee 
Эстония институты: www.einst.ee 
Эстонияның статистика департаменті: www. stat.ee

TopBack

© Estonian Embassy in Kazakhstan Avenue Kabanbai batyr 28, Astana, tel. +7 7172 240 280, e-mail: embassy.astana@mfa.ee