Eesti English
Қазақ тілі
Русский
Шенген визаларды алу тәртібі »

Шенген визаларды алу тәртібі.

02.02.2016

Визаны ресімдеу үшін Эстония өкілдігіне, не болмаса оның мүддесін артыратын Шенген аумағының мүшесіне, өтініш жасауға болады .

Сонымен қатар, визалық қолдауды уәкілетті өкіл, саяхат бюро, немесе сыртқы қызмет көрсету арқылы алуға болады.

Уәкілетті өкілдіктерге мыналар жатады:

·         Туристтік бюро;

·         Заңды тұлғалар, кәмелетке толмаған немесе әрекет ету қабілеті шектеулі тұлғаның атынан, уәкілетті органдарға тиісті құжаттарын тапсыруда көмек көрсете алады;

·         Мемлекеттік курьерлік қызметі, ресми мекемелер, жерді өзіндік басқармалар, не болмаса халықаралық ұйымдардың атынан тапсыруы мүмкін;

·         Басқа тұлғалар, визаға сұраныс және оған қатысты әрекеттерді жасаған кезде,  сенімхат бар болған жағдайда ғана өтініш  жасай алады; 

Консул талабымен виза тапсырыскер консулдық мекемеге сұхбатқа өзі келуге тиісті-бұл жағдай виза тапсырыскер атынан жасаған  өкіл болған кезде де қатысты;

Өтініш күнтізбеліктің 15 күн бұрын, бірақ сапар жасаудан үш ай ерте  рәсімдеудің қажеті жоқ.

 

1.1 Шенген визаның түрлері.

Транзиттік виза әуежай арқылы А түрі шетелдікке  Эстония әуежайының халықаралық транзит  зонаға кіруге, келесі белгілі транзиттік мемлекетке жету үшін заңды түрде кіруге құқығы бар  жағдайда берілуі мүмкін. Транзиттік виза әуежай ішінде болуджы талап етеді, Эстония мемлекетіне кіруге рұқсат берілмейді. Азаматтардан транзиттік визаларды талап ететін, мемлекеттер тізімі. 

 

Қысқа мерзімді виза түрі С, бұл түрі Шенген территориясы арқылы жүруге немесе жоспарланған қысқа мерзімді тоқталуына 90 күнге дейін 180 күн мерзім аралықта арналған.

Шенген аймағында тұру мерзімнің есептеу қағидаты.
Көп мәртелік виза арқылы тұру мерзімнің есептеу қағидаттың нұсқасы 18.10.2013ж бастап пайдалануда.

Шенген аймағында болуға рұқсат берілген күндердің есебін бақылау үшін калькуляторды мына адрес  арқылы қолдануға болады. http://ec.europa.eu/dgs/home-affairs/what-we-do/policies/borders-and-visas/border-crossing/schengen_calculator_en.html

Егер виза алушы Шенгеннің тек бір ғана мемелекетке кірем деген жағдайда, мысалы Эстонияға, онда өтінішті Эстония өкілдігіне, не болмаса Эстония мүддесін арттыратын Шенген аймағының мүше мемлекетіне өтініш жасауға болады.

Визалық қолдауға өтініш жасаған мемлекетте Эстония өкілдігі, не оның мүддесін атқаратын қандай да бір уәкілетті мемлекет болмаған жағдайда ең жақын арада болған Эстония өкілдігіне сұраныс жасау керек.

Егер виза алушы басқа да Шенген аймағының мемлекеттеріне кіретін болса, Эстония мемлекетін қоса отырып, онда виза сұраушы басты белгіленген мемлекеттің өкілдігіне өтініш жасайды. Белгілі Шенген мемлекетті таңдау үшін виза алушы қандай мемлекетте ұзақ мерзімге тоқталатын елді айқындау керек, мұндай жағдайда, сол мемлекет өкілідігіне өтініш жасай алады.

Егер виза алушы бірнеше Шенген мемлекетке кірем десе, бірақ белгілі бір басты мемлекетте тоқталам деген сенімділік жоқ болса, және бара жатқан елдерде тең күндер өткізем деген жағдайда, ол Шенген аймағындағы бірінші аяқ басатын мемлекеттің өкілдігіне сұраныс жасау тиісті.

Шенген виза және кіру талаптары 90 күн аралығында ғана әрекет етеді. Бұдан көбірек тоқталатын жағдайда  ұзақ мерзімді визаға өтініш ету керек немесе тұрақты мекен жайға сұраныс жасай алады, толық ақпаратты полиция-шекералық департаментінде таба аласыз.

1.2. Визалық қолдау ресімдеуде талап етілетін құжаттар тізімі

1.     Паспорт, оның аяқталу мерзімі сұраныс жасаған визаның қолдану мерзімінен 3 айдан кем болмауы тиіс;

2.     Электронды турде визалық сауалнама Электронды сауалнама;

3.     фото сурет 35х45 мм;

4.     Медициналық сақтандыру полисі 30 000 еуродан кем емес және оның қолдану шарттары Шенген территориясына сәкестігі, бірінші сапар аралығында, не болмаса визаның толық мерзіміне тиісті болу керек;

5.     Сапардың мақсатын расстайтын құжаттар.;

6.     Эстония мемлекетінде тұру уақытында нақты ақшаның жеткілікті екендігін расстайтын құжаттар;

7.     Виза үшін ақы төлеу;

1.3 Визалық қолдау ресімдеуде жиналатын мемлекеттік баж

 

Транзиттік виза, әуежай арқылы (A)

60 еуро

Қысқа мерзімді виза (C)

60 еуро

Қысқа мерзімді виза (C)  6 – 12 аралықтағы балалар үшін

35 еуро

ЕО визаларды беру тәртібі келісім шарт арқылы жеңілдік жасалынған Ресей мен Украина азаматтары үшін

Бір және көп мәртелік  визалар үшін 35 еуро; жедел мерзімді виза 70 еуро

ЕО визаларды беру тәртібі келісім шарт арқылы жеңілдік жасалынған  Албании, Армения, Босния және Герцеговина, Грузия, Македония, Монтенегро, Сербия және Молдова азаматтары үшін)

Қысқа мерзімді бір және көп мәртелік виза 35 еуро

Төменде көрсетілген коордианаттар бойынша Эстонияның шетелдік өкілддіктерде ғана виза үшін мемлекеттік баж төлеуге болады. Сұраныс жасап отырған мемлекетте Эстонияның мүдделерін атқаратын басқа Шенген мемлекеті болса, онда толық ақпарат алу үшін өкілетті мемлекеттің елшілігіне өтініш жасауға болады.

Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасының Елшілігінің шоты:

Мемлекеттік баж тек еуромен төленеді!

Кабанбай батыр даңғылы 28,010000 Астана қаласы

БИН: 110650016094

Банк   төлеуші:  АО ДБ „Альфа-Банк“  Астана қаласы

ИИК:  KZ519470978907119322

КОд:  21

БИК:  ALFAKZKA

 

Немесе Эстония Республикасының Қаржы Министрлігінің шоты арқылы төлем жасауға болады.

Мемлекеттік баж төлеудің Қаржы Министрлігінің банк шоттары келесі:
SEB Pank р/с EE891010220034796011
SWIFT/BIC: EEUHEE2X
Swedbank р/с EE932200221023778606
SWIFT/BIC: HABAEE2X

Виза қолдауын қарастырудың Қаржы министрліктің сілтеме номері – 2900073630.

NB! Мемлекеттік баж виза қолдауын қарастыру үшін алынады.

Мемлекеттік баж төлеуден босатылады:

  1. Республика Президенті атынан Эстония мемлекетіне шақырылған тұлғалар, Рийгикогу басқару мүшелері, Республика үкіметінің мүшелері, канцлер құқығы бар, мемлекет бақылаушы, мемлекеттік сот өкілдері немесе Қорғаныс министрлігінің басшылары, мәдени мүдделерін алға басушылары, сыртқы саясатты, саяси, даму саласын немесе гуманитарлық мүдделерді және т.б.;
  2. 6 жасқа толмаған балалар;
  3. Республика үкіметінің шешімімен, не болмаса үкіметтің халықаралық келісімі, Еуропалық Одақтың заңды акты немесе халықаралық жағдайға байланысты тұлғалар босатылады;
  4. Еуропалық Одағының мемлекет мүшесінің азаматтары, Еуропа экономика кеңестіктің мүше мемлекеттері және Швейцария конфедерациясы;
  5. Оқуға түсу  мақсатпен ынталандырылған студенттер, магистранттар/докторанттар және олардың жетекшілері;
  6. Қысқа мерзімді визаға өтініш жасаушылар- ғалымдар ғылыми зертту жасау үшін Еуропалық Одақ аймағына сапар жасайтындар;
  7. 25 жасқа дейінгі тұлғалар конференцияға, спорттық сайыстарға және мәдени шараларға қатысатын жастар;

1.4. Виза қолдауы қабыл алмаған жағдайда, визаның жарамсыз екендігіне, немесе виза беруден бас тартқан жағдайларда, шешімге дауласу.  

2011 жылы 5 сәуірден бастап шетел азаматтың өтініші қабыл алмаған және виза беруге бас тартқан жағдайда, аталған шешімге дауласуға құқығы бар.

Егер тұлға қабылданған шешіммен келіспейтін болса, ол виза берілмейді деген хабрлама түскен күннен бастап 30 күн ішінде оған қатысты қолдаухатты шетел өкілдігіне тапсыруға құқылы. ходатайство  https://www.riigiteataja.ee/akt/12103201105.

Ал егер қабылдпнған шешім қайта қарастырудан шықса, онда хабарлама қолына түскен күннен бастап 30 күн ішінде екінші сатысына өтеді. Яғни визаға қолдау өтінішін Эстония мемлекетінің Сыртқы істер министірлігінің Консулдық бөліміне жіберуге құқылы, оны пошта арқылы, не болмаса сол елдегі өкілдігіне өткізуге рұқсат.

Аталған өтініш қарастыру төлемі, мемлекеттік баж 20 еуроны құрайды.

Мемлекеттік баж төлеудің Қаржы Министрлігінің банк шоттары келесі:
SEB Pank р/с EE891010220034796011
SWIFT/BIC: EEUHEE2X
Swedbank р/с EE932200221023778606
SWIFT/BIC: HABAEE2X

Виза қолдауын қарастырудың Қаржы министрліктің сілтеме номері – 2900073630.

NB! Мемлекеттік баж виза қолдауын қарастыру үшін алынады.

2. Еуропалық Одақ азаматының отбасы мүшелері- № 2004/38/ЕО дерективасы.

 

Директива № 2004/38/ЕС Бұл деректива Еуропалық Одақ азаматының отбасы мүшелеріне ғана қатысты, және ол тек сол азаматпен саяхат жасаған кезде, немесе оған қонаққа бару жағдайында қолданылады. Жалпы түрде бұл дерективаның Еуропалық Одақ азаматына қатысты пайдалану жағдайы, яғни оның тұрып жатқан мемлекеттің азаматы деп тануы. 

Еуропалық Одақ азаматының отбасы мүшелеріне мынылар болып есептеледі, Еуро Одақ азаматы емес тұлғалар немесе Эстония мемлекетінің:

ЕО азаматының жұбайы ( арқарай жолдасы)

ЕО азаматының баласы 21 жасқа дейінгі немесе оның жұбайы, не болмаса оның асырауындағы кәмелетке толмаған баласы.

ЕО азаматының асырауындағы ата-анасы немесе жұбайы, 1-3 пунктеттерде айтылмаған тұлға, яғни азаматтың туысқаны, отбасы мүшесі өзіне қарай алмайтын мүгедек және сол азаматтың  асырауында болып отырған тұлға.

Асырауындағы тұлға деп нақты заңнамасында, ЕО азаматымен бірге тұруы және өз табысы жоқ деп саналады.

Отбасы мүшесі деп танылатын тұлға нақты заңнаманың Халық санағы және тұрғын жай туралы 2 бөлімде 5 бабында жазылған, ЕО азаматымен тұратын, уй шаруалар бірегей және асырауындағы тұлғаның өз табысы жоқ деп айтылады.

 

ЕО азаматының отбасы мүшесі виза ресімдеу жағдайда рейс  және туысқандық ажырататын құжаттарды өзімен алу керек ( неке қию куәлігі, немесе туу туралы куәлік қажет етіледі).

Асырауындағы ата-анасы немесе туысқан тұлғалардан әлеуметтік қамсыздандыру органдардан мәлімет және мекен-жай бойынша тіркелу анықтама тапсырылады.

Консул құжаттарды лигализациялау және апостель қоюды сұрауға құқылы, соныменде, құжаттың аудармасын қажет етуі мүмкін.

Егер туысқандық байланысы құжаттар арқылы көрінбей жатса, онда консул ЕО азаматтың жеке куәлігінің көшірмесін сұрауы мүмкін.

ЕО азаматың отбасы мүшесінің виза өтініші қысқа мерзімде, және еш бір төлеусіз қаралады.    

 

3. Виза беруді жеңілдету келісімдері

 Виза қолдауындағы жалпы рәсімнен айырмашылығы виза беруді жеңілдету келісімдерден білінеді. Қазіргі кезде Еуропалық Одақ аталған келісімдерді мына елдермен жасады.

4. Еуропа Одағының визалық саясаты.

TopBack

© Estonian Embassy in Kazakhstan Avenue Kabanbai batyr 28, Astana, tel. +7 7172 240 280, e-mail: embassy.astana@mfa.ee