Eesti English
Қазақ тілі
Русский
Эстония Республикасының Үкіметі »

Эстония Республикасының Үкіметі

02.02.2016

Эстонияның жаңа үкіметі құрылғаннан бері көпшілік үкімет болып танылды. Коалицияға- Эстонияның Центристік партиясы, Социал-демократиялық партия және Республика мен Отан  Одақ Партиясы.

Қосымша ақпарат мына сайтта таба аласыз:  https://valitsus.ee/ru

Түсініктеме

Атқарушы билік-үкімет-Парламент алдында жауапты (Riigikogu). Премьер- министрді тағайындау және қызметтен босату Парламент билігінде. Егер Парламент үкіметке сенбеушілік туса, онда үкімет президенттен қолдау сұрап Парламентті таратуға құқылы және парламенттің жаңа сайлауын өткізуді жариялайды.

Үкімет (кабинет) Премьер-министрден және Министерлерден құралады.

Эстония Республикасының үкімет міндеттері Конституцияда осылай көрсетілген:

  • Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізеді;
  • Үкімет мекемелердің істерін бағыттайды және үйлестіреді;
  • Заңдарды,парламенттің қаулылары мен Республика Президенттің актілерін орындауын ұйымдастырады;
  • Парламентке заң жобаларын көрсетеді, сонымен қатар шетел мемлекеттер арасындағы келісімдерді ратификациялау және динонсациялау үшін тапсырады;
  • Мемлекеттік бюджет жобаларын құрастырады, мемлекеттік бюджеттің орындалуын ұйымдастырады және парламентке тиісті есеп береді;
  • Басқа мемлекеттермен қатынас орнатады;
  • Конституция мен заңға сәйкес басқа да міндеттерді атқарады Республиканың үкіметін жүргізу үшін.

Үкіметтің құрылуы:

Президент 14 күн ішінде Үкіметтің таратылуынан кейін премьер-министрдің кандидатын ұсынады, және оған жаңа үкімет құруын тапсырады. Егер Президент тағайындаған премьер-министрі Парламенттің “оң дауысын жинамаса, немесе үкіметті құра алмаса, онда Республиканың Президенті жаңа кандидатты ұсынады. Егер қайта тағайындалған кандидат Парламентпен шығарылса, не болмаса үкіметті құра алмай келсе, онда Парламент өз кандидатын тағайындайды. Үкімет мүшелері Парламенттің мүшесі немесе басқа бір партияның мүшесі болу міндетті емес, бірақ премьер-министрдің тағайындалуы және кабинеттің қызмет етуі , Парламенттің көптік дауысына байланысты.

Республикалық үкіметің таратылуы мына жағдайда болуы мүмкін:

  • Премьер-министірдің отставкаға кетуі немесе қайтыс болуы;
  • Егер Парламент үкіметке немесе Премьер-министрге сенбеушілік туған кезде;
  • Парламенттің жаңа құрамының отырысы.

Кезекті Парламент сайлауы, алдағы өткен сайлаудың 4 жылдан кейін бірінші жексенбіде өткізіледі. Тәуелсіздік орнатқан кезде 1992 жылы 20 қыркүйек айында бірінші Парламенттік сайлауы өтті, кейін 1995ж., 1999ж., 2003ж., 2007ж.,  2011ж., және 2015 жылы өткізілді.

TopBack

© Estonian Embassy in Kazakhstan Avenue Kabanbai batyr 28, Astana, tel. +7 7172 240 280, e-mail: embassy.astana@mfa.ee