Eesti English
Қазақ тілі
Русский
Эстонияның қауіпсіздік саясаты »

Эстонияның қауіпсіздік саясаты

02.02.2016

Эстонияның қауіпсіздік саясаттың басты мақсаты- Эстонияның егемендік пен тәуелсіздігін, мемлекеттің территориялдық тұтастығын және конституциялық құрылысын, сонымен қатар Эстония халқын қорғау. Осы мақсаттардың орындалуы Эстонияға Солтүстік Атлант Шартының және Еуропа Одағының мүшесі болуына кепілдік беріп отыр. Халықаралық қауіпсіздік бөлінбейтіндіктен, Эстония белсенді түрде дағдарыс жағдайларды реттеуде халықаралық операцияларға, және де бейбітшілік операцияларда қатысады.  2010 жылы Рийгикогу мақұлдаған «Эстония Республикасының қауіпсіздік саясаты негіздерінде» басты қауіпсіздік саясаттың қағидаттары көрсетілген.

Солтүстік Атлант Шарты (НАТО)

Эстония 2004 жылдан бастап НАТО-ның мүшесі болып табылады.Бұл ұйымның ұжымдық қорғау мүшелігі  Эстонияның әскери қауіпсіздігін күшейтеді, мемлекеттің қорғанысын аса пайдалы қамтамасыз етеді, сонымен бірге нәтижелі түрде халықаралық ынтымақтастықтың қауіпсіздік салада қатысуға мүмкіндік береді. Солтүстік Атлант Шартының белсенді мүшелігі Эстонияның қауіпсіздік  және қорғаныс саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық басымдығы болып табылады. НАТО-ның  басқа мүше мемлекеттер сияқты Эстония мобильды әскери күштерін дамытады және жетілдіреді, оған қоса өз үлесін халықаралық бейбітшілік операцияларға қосуда.Таллинде НАТО-ның киберқорғау құзірет орталығы орналасқан және бүгінгі таңда ол 8 мемлекеттерді біріктіреді.  Эстония НАТО-ның стратегиялық тұжырымдаларын жаңартуда белсенді қатысады, және НАТО-ның ашық есік саясатын қолдайды.

Заманға сай қарсы шақырулар қауіпсіздік саясат саласында НАТО-ның басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақ құруды қажет етеді. Соңғы кездері НАТО мен ЕО арасындағы диалогтың негізгі тақырыптары: Балкандағы дағдырысты реттеу және Еуропаның әскери күштерін нығайту. НАТО мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың аса өзектілігі миссияның жоспарлануы мен өткізуі Еуропа Одағының Ауғаныстан мен Косовадағы миссиялармен байланысты болды. Практикалық жағдайда бұл ынтымақтастық жұмыс істеуде, бірақта оны саяси және әскери деңгейге көтеру қажет. 

Аса маңызды рольді НАТО мен БҰҰ арасындағы қатынастар алып отыр. БҰҰ НАТО-ның операция жүріп жатқан аймақтарда халықаралық қауымдастық ісін және халықаралық азаматтық үлесін үйлестіреді және жетекшілік етеді.

Эстония қауіпсіздігіне қауіпі глобализация үрдістерден төніп жатса, НАТО-ның түрлі серіктес программалардың шеңберінде диалог пен ынтымақтастықтың әрекет етуін бағалайды. Эстония үшін аса маңызды болып Еуро-Атлантикалық серіктестік Кеңесі табылады, НАТО-Украина Комиссиясы, НАТО-Грузия Комиссиясы, Ресей-НАТО Комиссясы, осы арқылы НАТО-ның нақты мақсаттарын түсінуіне және түрлі операциялар шеңберінде мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастықты орнатады. Эстония серіктестікті орнтудың икемді көзқарасты алуда, бұл керекті жағдайда бүкіл елдермен жалпы мүдделер мен мақсаттар негізінде ынтымақтастықты орнатуға жол ашады.  Эстония сонымен қатар Аьянстың мүддесіне сай спектрлердің кеңейтуіне бейілді, әсіресе қауіпсіздіктің жаңа элементтеріне энергетикалық және киберқоғау қауіпсіздігі.

Эстонияның НАТО-лық операциялар мен миссияларға қатысуы.

Эстония дағдарысқа шап болған аймақтарға түрлі мамандар бөлімшесін жіберіп отырды: әскери полицияның қызметкерін, штаб офицерлерін, дәрігерлерін, әскери ұшақтарды байқау диспетчерлерін, жаяу әскерлерін, саперлерін, әскери бақылаушыларын, және транспорт мен тауар айнылымын жасайтын қызметкерлері қатысты. 2011 жылдан бастап тұрақты қызметке түрлі операцияларда 200 эстондық әскерлері үлес қосуда.

Ауғаныстан – 2002 жылы Эстония АҚШ-тың басшылығымен терроризмге қарсы «Берік бостандық» программа шеңберінде өз әскери қимылдарын орнатты. 2003 жылдан бастап Эстония Халықаралық күштердің қауіпсіздікке қолғабыс көрсету операцияға Ауғаныстан территориясында қатысуды бастады, (International Security Assistance Force in Afghanistan - ISAF), бұл операция НАТО-ның басшылығымен бүгінгі таңда  альянстың аса маңызды халықаралық операцияларына айналды, 2011 жылдан бастап оған Эстонияның 160 әскерлері қатысуда. Эстонияның көп контингенті Ауғаныстанның оңтүстіктегі Гильменд провинциясында орналасқан, мемлекеттің тұрақтылық жағдайының аса маңызды нүктесі болдып табылады.  Бұл 2010 жылы халықаралық қауымның Ауғаныстанның тұрақтылығын орнатуына үлес қосудың кеңейтумен көрнекті. Эстония да өз азаматтық және әскери үлесін кеңейтуіне шешім қабылдады.

Ауғаныстанның мемлекеттік құрылуына байланысты азаматтық және әскери ресурстарды үйлесті түрді жұмсау қажет. Ауғаныстан жақын арада Эстонияның дамудың ең басым мақсатты мемлекеттерінің бірі болады. Эстонияның азаматтық салым басымдылығы Гильменд провинциясында денсаулық жүйенің дамуы болып табылады. 2008 жылы Эстонияның денсаулық сақтау саласындағы сарапшы Гильмендте өз жұмысына кірісті.  

Косово (KFOR) – 1999 жылдан бастап Эстония Косовода бейбітшілік орнатудағы НАТО-ның миссиясына қатысып отыр. Эстония штаб офицерлерінің KFOR штаб квартираның құрамында болып отырғаннан бері қосқан үлесі ондаған жаяу әскерлердің саны Косованың солтүстіктегі Митровиц жеріндегі дат батольнның ішінде болғаны, бұған дәлел. 2010 жылдың ақпан айында НАТО-ның бірігей шешіммен Косовадағы әскерлер санын азайтумен, Эстонияның жаяу әскерлері өз миссияларын аяқтады. Жұмысты Эстонияның бір штаб офицері KFOR штаб квартира құрамында жүргізуде.    

Ирак -2003-2008 жылдары халықаралық каолиция құрамында Эстония Иракқа еркіндік беру операцияға қатысты. Эстонияның бөлімшенің соғысқа қатысуы аяқталғанымен, НАТО-ның Ирактың қауіпсіздік күштерін оқыту миссияларына қатысуда (NTM-I). Бұл қызметте Эстонияның екі штаб офицерлері жүруде.

Дереу қадағалау күштері (СБР) НАТО (NRF - NATO Response Force) – Эстония 2005 жылдан бастап НАТО-ның дереу қадағалау күштеріне қатысып отыр.НАТО-ның ДҚК 14 ротациясында Эстонияның 2010 жылы жаяу әскери күштерін берді, 2010 жылдың екінші жартысында 15 ротациясында- теңіз-әскери күштерін ұсынды.

2009-2018 жылдардың Эстонияның ұзақ мерзімді әскери қорғаныстың даму праграммасы өз территорясынан тыс ЕО және НАТО-ның басшылығымен немесе каолиция күштерімен өтетін операцияларына қатысуға  мүмкіндік беріп отыр.

 Халықтың қолдауымен Эстонияның НАТО-ға мүше болуы әлі күнге дейін жоғары деңгейде болып отыр.  2010 жылдың қыркүек айында өткен сауалнама бойынша, Эстонияның 78 пайыз халқы НАТО мүшелігін қолдайды. Бұл сауалнама мәліметтері бұрын өткізілген саулнамалардан айырмашылығы жоқ.

Еуропалық Одақ

2004 жылдан бастап Эстония Еуропалық Одақтың мүшесіне кірді. Эстония Еуропалық Одақтың халықаралық аренада аса  күшті, ықпалды және бірлікті екндігіне мүдделі. Еуропалық Одақтың аса елеулі және көрнекті сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясатының компоненті- бұл ЕО-тың жалпы сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясаты болып табылады (CFSP). Бұл саясатың басты мақсаты қауіпсіздікті күшйету, бейбітшілікті сақтау, халықаралық ынтымақтастықты орнату, демократияны алға бастыру және дағдырысты болдырмау мен оған қолғабыс көрсету. ЕО-тың соңғы жылдары халықаралық қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерге қарсы тұра алу қабілеті өсуде. Лиссабон келісімі күшіне енген соң ЕО-тың жалпы сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясаты одан әрі аса нәтижелі болып отыр.

Эстония өз алдына қойған басты мақсаты белсеңді түрде адам құқығын қорғау, экономикалық тұрақтылықты орнату және демократиялық құндылықтарн тартуды көздеп отыр. Эстония ЕО-тың белсеңді ролін қолдап және Еуропалық көршілес саясатын күшейту жолдарына мүдделі (ENP), сонымен қатар тиісті шараларға қатысып отыр.  Эстония өз қатысуын ұлағайып, келешекте Еуропалық көрші саясатында оны одан әрі күшейтуге дайын, біріншіден Грузия, Молдова мен Украина мемлекеттерінде бірлескен ынтымақтастық даму жобаларын іске асыруына ниет білдіруде.

Эстонияның Еуропалық Одақ миссияларында және операцияларына қатысуы.

Эстония ЕО-тың әскери және азаматтық мүмкіншіліктің дамуына, дағдарыс жағдайын ретту үшін аса күш салуда. Эстония  полицейлері, шекарашылар, кеден қызметкерлері және азаматтық саладағы басқа да сарапшылар ЕО-тың миссия шеңберінде Грузия, Батыс Балқан өңірлерде және Ауғаныстан жерлерінде өз қызметтерін көрсетуде.

Ауғаныстан (EUPOL Afghanistan). Ішкі секторлық қауіпсіздікті дамыту- Ауғаныстанның тұрақтандырудың басты басымдылығы, бірақта ЕО үшін қауіпсіздік саладағы күрделі жағдай қатаң шақыру болып отыр. Миссияның мақсаты Ауғаныстанда нәтижелі және іс-әрекет қабілеттілігі жоғары полицейлік жүйені құру болып табылады, және 2011 жылдан бастап 3 эстон сарапшылары осы жүйені құру мақсатымен өз үлестерін қосуда..

Косово (EULEX Kosovo). Бұл миссияда Эстонияның 6 сарапшылары құқықтық жүйені, полиция, кеден нұсқамамен, шекараны қорғау және т.б. шараларда қатысып жүр. Босния и Герцеговина (EUPM). Это первая гражданская миссия ЕС, действующая с 2003 года. Основная задача миссии - помощь и консультирование при проведении полицейской реформы. В миссии участвует 1 эстонский полицейский.

Грузия (EUMM Georgia). ЕО миссияның мүшесінде 2 эстон сарапшылары 2008 жылғы тамыз айында болған шиеленіс нәтижесінде Грузияға жіберілді, бейбітшілік келісімге келу жолдарын бақылап отыр.

Ирак (EUJUST LEX). Миссияның мақсаты- Ирактың сот органдарына, полиция және абақты мекемелеріне қызмет ету кадрларын дайындау. Бұл дайындық сабақтары ЕО мүше мемлекеттері өз территориясында өткізіп жатыр. 2009 жылы Эстония мемлекетінде ирактың 2 түрме төрешілері осындай қызметтік дайындалу сабақтарын оқып шықты.

Босния және Герцеговина (EUFOR Althea). ЕО-тың операцияның мақсаты ALTHEA Дэйтон бейбітшілік келісім шарттарын сақтауын бақылауда, және де Босния және Герцеговинада қауіпсіздікті орнату болып табылады. Эстониядан 2 штаб офицерлері қатысып отыр.

ЕО-тың Жедел елеу күштерінде Эстония Скандинавия күштер группада қатысып отыр (Nordic Battlegroup - NBG). 2011 жылы бірінші жартысында күштер дайындалу кезі басталады.

EUNAVFOR - Operation ATALANTA. 2010 жылдың қараша айынан бастап Эстония командасы ЕО-тың теңіз группасында Самоли жанындағы суларында пираттылықпен күресу шараларына қатысуда. (Vessel Protection Detachment - VPD) және (операция АТАЛАНТА).

Қауіпсіздік салада екі және көп жақты ынтымақтастық.

ЕО және НАТО-ның мүшелігін ала отырып Эстония басқада халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық қатынастарын ерекше орынға алып отыруда, бұл БҰҰ, ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесі болып табылады.

 Эстония БҰҰ мүшесі болып 1991 жылдан басталуда, БҰҰ шеңберінде қауіпсіздік пен бейбітшілікті орнату, даму мақсаттарын жету ынтымақтастығы және халықаралық терроризмен күресу шаралры бірінші орында болуды көздейді. Эстония 2020-21 жылдары БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүше ретінде қатысуға дайын. Эстония халықаралық ынтымақтастық жолында БҰҰ 1325 Әйел, бейбітшілік және қауіпсіздік Резалюциясын нәтижелі қолдануын аса маңызды орынға қойып отыр. Эстонияның әскери бақылаушы БҰҰ-ның бейбітшілік операциясында Таяу Шығыста қатысып отыр.  (UNTSO).

1991 жылдан бастап Эстония  ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретінде танылды. Мәселені шешу жолдары ЕҚЫҰ қауіпсіздік салада аса маңызды 3 факторын алып отырады- әскери, экономикалық және адамдық. Қауіпсіздік және әскери шеңберінде Эстония ЕҚЫҰ-ның Вена құжатын және Ашық аспан келісімнің орындалу шараларында белсеңді қатысуда. Эстониядан ЕҚЫҰ-ның миссияларында Батыс Бақа, Оңтүстік Кавказ және т.б. өңірлерде өз үлестерін қосуда.

1993 жылдан бастап Эстония Еуропа Кеңесінің мүшесі болып отыр. Еуропа Кеңесі нармотивтик ұйым болып табылады, және бұл ұйым адам құқығын қорғау жұмыстарын өткізеді. Эстония қауіпсіздік шеңберінде Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық қатынастарын терроризмге қарсы күресу, адам сату, киберқылмыспен және ұйымдасқан қылмыспен күресу жолдарында ерекше орынға қойып отыр.

Эстония стратегиялық тауарларын бақылау мақсатында басты халықаралық ұйымдарға қосылып отыр ( Вассенарлық келісім, Австралиялық топ, ядролық жабдықтаушы тобы).

Эстонияның басты халықаралық ынтымақтастықтың тақырыбы қауіпсіздік саладағы жаңа  қауіпқатерлерін реттеуі болып табылады, әсіресе киберқауіпсіздігіне көңіл бөлуде. Киберкеңістіктің әлсіздігі бүкіл мемлекеттерге ауыр қауіпін төндіруде, яғни оған көңіл бөлу аса маңызды. Киберкеңістіктің қауіпсіздігін ұлғайтуда адам құқтарына қысым жасауда емес болуға тиіс. Эстония үкіметінің қабылдаған мемлекеттік киберқаупсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы жайлы ақпаратты түрлі ұйымдар арқылы және солардың арқасында көзқарасы сәйкес басқа мемлекеттермен ынтымақтатығын кеңейтуді көздеу керек.  Эстония киберқылмыс туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы кең халықаралық қолдауын алуға үміттенеді. Таллиннде НАТО-ның киберқорғау орталық құзіреті ашылды, және Эстонияның киберқорғаныс саласындағы жиналған тәжірибесі басқа мемлекеттермен бөлісуде.

Екі жақты қатынастар саласында Эстония қауіпсіздік саясатына және қорғаныс салалсына аса көңіл бөлуде, ол мына мемлекеттермен ынтымақтастық орнатып отыр: АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция, ең тығыз қатынас солтүстік елдермен ұстануда -  Финляндия, Дания, Швеция және Норвегия, оңтүстікте – Латвия мен Литва елдері.

Ұзақ мерзімді үш жақты ынтымақтастық арасында Эстония Латвия және Литва НАТО мүшелігінен шығатын мақсат пен міндеттеріне сәйкес өзгеруіне зардап шегеде. Үшжақты ынтымақтастық жобаларының  бастамасы  іске асыру жұмыстары әлі жалғасуда ; Кейбір (мысалы , BALTBAT , BALTSEA ) жетіп аяқталды. Балтық елдерінің үшжақты ынтымақтастықтың маңызды ұзақ мерзімді жобалар -  бүгін BALTRON , BALTNET және BALTDEFCOL болып табылады . 

 

BALTRON - BALTRON - Балтық елдерінің мина тральщик эскадрасы үш елдің әскери-теңіз күштері арасындағы табысты ынтымақтастықтың жақсы үлгісі болып саналады.

 BALTNET (Baltic Airspace Surveillance Network) – Литва негізделген әуе кеңістігін қадағалау ( RASCC ) , үйлестіру жөніндегі аймақтық орталығының бірлесіп әрекет ететін Балтық елдері әуе кеңістігін жинау, үйлестіру , бөлу және дисплей бақылау үшін 1998 жылы құрылған Балтық елдерінің әуе кеңістігін бақылау жүйесі .

 BALTDEFCOL немесе 1998 жылы құрылған Балтық қорғаныс колледжі , Балтық лауазымды және серіктес елдерге жоғары әскери білім береді. Колледждің басты мақсаты НАТО бірыңғай стандарттарына ( Бірлескен командалық және Бас Штаб Курс ) бойынша білім аға қызметкерлері офицерлерін қамтамасыз ету болып табылады. 2004 жылы колледж аға штабтық офицерлер даярлауда  (Higher Command Studies Course – HCSC). Балтық қорғаныс колледжінің екі ондаған мемлекеттерден офицерлер жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер білім алады. Колледжде дәріс беруден  әр түрлі елдерден шетелдік оқытушылар тартылған .

НАТО әуе кеңістігін патрульдеу үшін  Эстония, Латвия және Литва елдерінде жүзеге асырылады, бұл НАТО-ның ынтымақтастықтың елеулі көріністерінің бірі . Сонымен қатар үш ел шығындарының бір бөлігін қамтиды және әуе кеңістігін қажетті жерүсті бақылау және мониторинг өзін-өзі орналастыру және жаңғырту арқылы әуе ықпал полициясы, сондай-ақ басқа да тиісті шаралар арқылы өтеді.. Эстония , мысалы, НАТО-ның белсенді қатысуымен Эмари авиациялық базаны дамытуда .

Қосымша ақпаратты мына ғаламтор сілтеме арқылы табуға болады:

Сыртқы істер министрлігі: www.vm.ee
Қорғаныс министрлігі: www.kmin.ee

TopBack

© Estonian Embassy in Kazakhstan Avenue Kabanbai batyr 28, Astana, tel. +7 7172 240 280, e-mail: embassy.astana@mfa.ee